Nokia 2720 fold - Мәтіндік хабарлар

background image

Мәтіндік хабарлар
Сіздің құрылғыңыз бір хабарламаға арналған шектеу бойынша мәтін

хабарламаларын қолдайды. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп

хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы

мүмкін. Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек

орын алып, бір хабармен жіберілетін таңбалардың санын шектейді.

Дисплейдің жоғарғы жағындағы көрсеткіш қалған таңбалардың жалпы санын

және жіберілетін хабарлар санын көрсетеді.

Хабарларды жібермес бұрын, хабар орталығының нөмірін сақтау қажет.

Мәзір

>

Хабарлар

>

Хабар параметрлері

>

Мәтін хабарлары

>

Хабар орталықтары

>

Орталық қосу

пәрменін таңдаңыз, атауды және қызмет ұсынушыдан алынған

нөмірді енгізіңіз.